Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

13 Ақпан 2024, 15:01
1545
Бөлісу:
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
Фото: gov.kz

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Алматы тауларында көшкін қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарқынды жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының едәуір өсуіне және тау баурайындағы тұрақсыз жағдайына байланысты, «Қазгидромет» РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі туралы дауылды ескертуі негізінде, 13-14 ақпан аралығында «Аюсай» бөгеттен жоғары «Шымбұлақ – Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданындағы және «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы көшкін қаупі аймағына автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектеу блок-бекеттер қойылды, - делінген Қазселденқорғау  мекемесінің хабарламасында.

Қазселденқорғау мамандары алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынады!

Өзгелердің жаңалығы