Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында өздігінен 10 қар көшкіні болды

18 Сәуір 2024, 12:31
1367
Бөлісу:
 «Қазселденқорғау» ММ
Фото: «Қазселденқорғау» ММ

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Қазселденқорғау» ММ әлеуметті желіде хабарлады.  

Алматы қаласында 17 сәуір күні Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні болды. Түскен массаның көлемі 55320 текше метрді құрады, 10 қар көшкіні түсті. Көшкін таудың етегінде тоқтады. Зардап шеккендер мен қираулар болған жоқ, – деп хабарлады «Қазселденқорғау».

Мамандар қар көшкін қаупінің жоғары дәрежесіне байланысты таяу күндері тауларға бармауды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы