Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында болған оқиғадан кейін құтқарушылар туристерге үндеу жасады

Бүгiн, 21:29
124
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан ТЖМ таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Құтқарушылар туристерге төмендегі ережелерді қатаң ұстануға шақырады:

  • маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
  • 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
  • ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
  • жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
  • дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
  • егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса – тауға шығудан бас тарту ұсынылады Жаңадан жауған қалың қар байқалса – сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс!
Өзгелердің жаңалығы