Қала тұрғындары қыстың алғашқы күндерінде гүлдеген гүлдің суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бейнежазбадағы бәйшешек Алатау запырангүлі деп аталады. Ол Қызыл кітапқа енген. Өкінішке қарай, олар көп мөлшерде жойылып жатыр. Бұл гүлдерді жұлуға болмайды.
Алматы маңындағы бәйшешектің суреті dots_foto парақшасында жарияланды.
Бүгін 3-ші желтоқсан. Мен тау бөктерін аралап жүріп нені көргенімді қараңыздар. Бастапқыда бәйшешектің 1-2 данасы өсіп тұр ма деп ойлаған едім, жүре келе 10-15 шақты данасын көрдім. Бұл әдемілкті көрсең көзің қызығады. Мен желтоқсан айында гүлдеген бәйшешекті бірінші рет көріп тұрмын,- дейді видео авторы.
Ол сондай-ақ бәйшешектерді Іле Алатауының төменгі жоталарынан көруге болатынын атап өтті.