Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында әйел мен баласы тайғақ жотада қалып қойды

Нұрқанат Атажан
10 Қараша 2025, 10:58
605
Бөлісу:
 Алматы құтқару қызметі
Фото: Алматы құтқару қызметі

Құтқарушылар Алматы тауларында қиын жағдайда қалған әйел мен баласына көмек көрсетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 1979 жылы туған әйел мен оның ұлына көмекке келген. Олар мұз қатып, тайғақ болып кеткен жолдың кесірінен таудан түсе алмай қалған.

Оқиға орнына КҚЖ "Тұйықсу" құтқарушылары шықты. Әйел мен баланы қауіпсіз түрде төмен, "Медеу" спорт кешенінің автотұрағына дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ, – деді құтқарушылар.

Олардың киімі мен аяқ киімі таулы жер жағдайына сай болмаған, жеңіл киім мен жазғы аяқ киім киген.

Өзгелердің жаңалығы