Алматы тауларында алты турист адасып қалды

10 Сәуір 2022, 01:32
2165
Бөлісу:
Алматы тауларында алты турист адасып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Үлкен Алматы көлі аймағында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 109 пультіне адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама сағат 20:11-де түскен. 10 минуттан кейін кезекшілікте тұрған құтқару бригадасы аталған орынға жеткен.

Бір сағат іздеуден кейін адасып қалған туристер табылған. 21:55-те құтқарушылар оларды жолға шығарып салды.

Зардап шеккендер жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы