Алматы тауларында адасып кеткен туристер үшін паналау орны салынады

15 Шілде 2021, 12:50
2579
Бөлісу:
Алматы тауларында адасып кеткен туристер үшін паналау орны салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Адамдардың салауатты өмір салтын сақтап, таулы жерге көптеп шығып жатқаны қуантады. Дегенмен таудағы қауіпсіздік мәселелерін естен шығармауымыз керек. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазір адамдардың таулы жерде қауіпсіз әрі жайлы демалуы үшін кешенді шаралар іске асырылып жатыр. 

Тауда кенеттен ауа райы бұзылып, қиын жағдайға түскен туристер үшін 15 паналау орны салынады. Мұндай әр үй қауіпті деп саналатын орындарда пайда болады және ол картаға енгізіледі. Қиын жағдайда қалған адам карта арқылы оны тауып, көмек келгенше сонда тұрақтай алады. Сондай-ақ ол жерде апатты жағдайға қажетті құралдар болады. Онда алғашқы медициналық көмек құралы, жамылғы, ұялы телефонды қуаттағыш және аздаған азық қойылады. Сондай-ақ бұл тұрақтың жанында спутникті SOS хабарын жеткізетін байланыс құралы қойылады. Ол ТЖМ-нің 102 шұғыл қызметіне келіп түседі, - деді ол. 

Биыл демеушілердің көмегінің арқасында 5 тұрақ салынады екен. Оған қоса бақылау-құтқару орны салынады, онда 16 құтқарушы тәулік бойы қызмет етеді.

Өзгелердің жаңалығы