Алматы тауларында адасып кеткен турист іздестіріліп жатыр

19 Шілде 2022, 13:35
1603
Бөлісу:
Алматы тауларында адасып кеткен турист іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жастағы жігіт 17 шілде күні тауға шығып, жақындарымен әлі байланыспаған.

Сағат 23:35-те ТЖД пультіне азамат Бөкеевтен 17 шілде күні кешке «Көкжайлау-Ағайынды үш» бағыты бойынша ағасы Данияр тауға кеткені және осы күнге дейін оралмағаны туралы қоңырау түсті, – делінген Алматы қаласының құтқару қызметі хабарламасында.

Белгілі болғандай, сағат 23:50-де Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінен құтқарушылар бригадасы аталған жерге аттанды.

Өзгелердің жаңалығы