Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды.
5 шілде күні республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші пультіне Алматы тауында қиын жағдайда қалған екі әйел мен екі ер адам туралы ақпарат түсті. Белгілі болғандай, туристер Шымбұлақтаға «Панорама» шыңына көтеріліп, қайтар жолда адасып кеткен. Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы бар жедел топ, оның ішінде 1 кинологиялық есеп іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.
Адасып кеткен туристер құтқарушыларға геолокация жіберді, сөйтіп олардың нақты қай жерде екені белгілі болды.
Құтқарушылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ортаңғы станциясына көлікпен жетіп, ары қарай жаяу көтерілді. Біраз уақыттан кейін құтқару тобы туристерді тауып алды. Аброй болғанда, ешкім жарақат алып, аурып қалмаған. Бәрінің жағдайы жақсы. Құтқарушылар туристерге төменге түсуге көмектесті, - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Республикалық жедел-құтқару жасағы тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.