Алматы қаласында соңғы 40 жылда болған жер сілкіністерінің тарихына қысқаша тоқталайық.
1990 жылы 12 қарашада 5-6 баллдық жерсілкінісі болды. Оны эпицентріне байланысты «Байсорын сілкінісі» деп атаған. Ол кезде де тұрғындар зілзаладан үрейленіп далада жүрген еді.
2011 жылдың 1 мамыры да алматылықтардың есінде. Бұл күні де 5 балдық дүмпу болған. Эпицентрі – бұрынғы Қапшағай, қазіргі Қонаев қаласы.
Бұдан соң, зілзала кеше тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы 5-6 балдың көлемінде болды.
