Алматы, BAQ.KZ. Полиция "Вальтер" маркалы тапанша ұстаған 32 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлады Алматы облысы баспасөз қызметі.
Полиция департаменті таратқан мәліметте тапаншаның іске жарамайтындығы айтылған.
«Өтеген батыр ауылында ұсталған 32 жэастағы күдікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Бізге ер адамның қарумен жүргені жайлы жедел ақпарат келіп түсті. Күдіктіні тексеру кезінде одан расымен де "Вальтер" маркалы тапаншасы табылды. Криминалистер жүргізген сарпатама нәтижесінде тапаншаның атуға жарамайтындығы анықталды»,-делінген облыстық ПД таратқан мәліметте.
Ұсталған ер адам тапаншаны көшеден тауып алғанын айтқан. Оның рас, өтірігін полиция қазір тексеріп жатыр.