Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы соты Донбастағы қақтығысқа қатысқан азаматты үш жылға соттады

25 Қыркүйек 2020, 18:28
1383
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқан Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Сот үкімімен  О. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  172-бабында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот сотталушы О. 2014 жылдың қыркүйегінен 2016 жылға дейін Украина аумағында болып, жалдамалы белгілері болмаған кезде,  соғыс қимылдарына қасақана және заңсыз қатысқанын анықтады,- делінген сот таратқан мәліметті.

Сотта сотталушы азамат өз кінәсін толық мойындаған.

Сотталушы О.-ға жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі, сондай-ақ бұған дейін сотталмағаны жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.

Өзгелердің жаңалығы