Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді

Алматы қаласының өрт сөндірушілері кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 14 Желтоқсан 2024 2024, 05:42
14 Желтоқсан 2024 2024, 05:42
663
Фото: скрин

Алматы қаласының өрт сөндірушілері кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнде Алматы қаласының Алатау ауданында Солтүстік айналма тас жолында орналасқан бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты.

4 жеңіл автокөлігі бар бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнді.

Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде оқпандарды басқа бокстарды қорғауға және жанып жатқан боксты сөндіруге бере отырып, өртті 220 шаршы метр алаңда тоқтатты, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Наверх