Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының бейнесі таралды, деп жазады BAQ.KZ.
Апат 26 ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолынан 42-шақырымын жерде болған.
MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққыдан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан.
MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушыға тиелген көліктер механикалық зақымданған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі «Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тергеу жүргізіп жатыр.