Ауа райының қолайсыздығына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты Алматы – Қордай бағытындағы автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жүргізушілерден аталған бағытта жолға шықпауды, сондай-ақ жергілікті жолдар арқылы айналып өтуге әрекет жасамауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Жамбыл облысындағы РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 143-214 шақырым аралығында (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 02:00-де ашу жоспарланған.