"Алматы-Қонаев" автожолында көктемгі-жазғы күтім жұмыстары басталды

7 Наурыз 2024, 21:45
608
Бөлісу:
"Алматы-Қонаев" автожолында көктемгі-жазғы күтім жұмыстары басталды
Фото: видеодан кадр

"Алматы-Қонаев" А-3 автожолында көктемгі-жазғы күтім басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлім етті.

Күре жолдың 24-124 км учаскесінде 21 бірлік техника мен 46 адам жұмылдырылды. Көктемгі-жазғы кезеңде республикалық маңызы бар автожолда қауіпсіз және жайлы қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жолағын тазалады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар жол белгілерін ретке келтіріп, сондай-ақ элементтерді тазалау мен ауыстыру сияқты және басқа да қажетті жұмыс түрлері жүргізгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы