Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала - Президент

16 Қараша 2022, 10:10
1095
Бөлісу:
Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті,- Президент.

Ол Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беретінін айтып өтті.

Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді,- деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда Алматы «Қасіретті қаңтардан» кейін толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты түрде дамып жатқанын тілге тиек етті.

Бұл аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, Алматы агломерациясы шеңберінде өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Осы жылдың соңына дейін «Агломерацияларды дамыту туралы» жаңа заң қабылданады. Бұл заң екі аймақтың арасындағы өзара тығыз байланыстар орнатуға негіз болмақ.

Алматының бірегей орналасқан жері тау туризмін дамытуға аса қолайлы. Бірақ, тау туризмі кластерін бүкіл Алматы агломерациясы шеңберінде қалыптастыру қажет,- деді Президент.

Айтуынша, Түрген мен Қаскелең арасындағы тау кластерінің Шығыс және Батыс бөліктерін осы жерлердің әкімшілік мәртебесіне қарамастан, кешенді түрде дамыту керектігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы