"Алматы - Қаскелең" тас жолын жаңғыртуға петиция жарияланды

16 Қыркүйек 2024, 12:00
751
Бөлісу:
"Алматы - Қаскелең" тас жолын жаңғыртуға петиция жарияланды
Фото: pixabay.com/ru

Алматылықтар "Қаскелең-Алматы" тас жолын жаңғыртуды талап етіп, ePetition веб-сайтында петиция жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өтініш авторының айтуынша, қалада бар болғаны жеті негізгі кіреберіс тас жолы бар, оның бесеуі – республикалық маңызы бар жолдар. Олар – жоғарғы Қаскелең тас жолы, Талғар тас жолы, Құлжа тас жолы, Алматы-Қонаев тас жолы және Алматы- Бішкек тас жолы. 

Сондай-ақ облыстық маңызы бар екі жол бар: Боралдай тас жолы – Шамалған стансасы және Іле жолы.

Қала жақтан келетін жол өте тар және опырылған. Тек бір ғана бағытымен жүруге болады. Таңертең қалаға барғанда көліктер тас жолда бір сағат немесе одан да көп уақыт тұрып қалады. Кешке қарай кептеліс керісінше болады. Соның салдарынан қоғамдық көліктердің жүру кестесі бұзылып, жолаушылар уақытын зая кетіріп алады. Сол себептен Қаскелең-Алматы тас жолын жаңғырту қажет, ­– делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы