Үкімет отырысында Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Алматыда болған жер сілкінісі жайлы айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің мәлімдеуінше, өңірлердегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді, командалық-штабтық машиналар орналастырылды, құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі ден қоюға дайын.
Алматы қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пунктері іске қосылды, олар барлық өңірлерде бар. Жақын орналасқан пунктер туралы деректер 2ГИС платформасында және көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық QR-тақтайшаларда орналастырылған. Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты, өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздеріне сенуін сұраймын, - деді Шәріпханов.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілерге комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр.
ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламаларын тіркеп, дереу шығуды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, халық арасында жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кең үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жер сілкісіне жатпайтын аймақтардың күштері мен құралдары да ықтимал төтенше жағдайлар аймағына көшіруге дайындыққа келтірілді, - деді ол.