Алматы, BAQ.KZ. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і 19 мамырда Жетісу ауданындағы кейбір ғимараттарда ыстық су болмайтынын мәлімдеді.
2022 жылғы 19 мамыр сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жетісу ауданының Жұмабаев – Северное кольцо – Павлодар-Палладина көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды,-делінген хабарламада.
Сорғы станциясын қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.