Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы қаласы жаңа жұмыс кестесіне көше ме?

Нұрқанат Атажан
20 Маусым 2025, 11:22
1086
Бөлісу:
 inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы өзге бірқатар өңір секілді жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Сұраққа Алматы әкімдігі өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құзырлы мекемеге "Алматыда көлік шамадан тыс көп екенін ескерсек, жұмыс күні басталатын уақыт ауыстырылуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды.

Қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне, соның ішінде жұмыс күні басталатын уақытқа өзгерістер енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ, - деп жауап берді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы жаңа жұмыс уақытына көшкен болатын.

Өзгелердің жаңалығы