Алматы қаласы ПД ғимараты төңірегіндегі шайқас екі түнге созылды – Тоқаев

10 Қаңтар 2022, 14:13
1472
Бөлісу:
Алматы қаласы ПД ғимараты төңірегіндегі шайқас екі түнге созылды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған шабуыл туралы айтты.

Алматыда, басқа қалаларда нағыз шайқастар болды. Мәселен, Алматыдағы Полиция департаменті ғимаратының төңірегіндегі шайқас екі түнге созылды. Полиция террористердің әрекеттерімен күресті. Алматының өзінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалды. Бұл жақсы дайындалған мамандардың, соның ішінде винтовкалары бар мергендердің шабуылдары болды, - деді Президент.

Тоқаев лаңкестердің жеке байланыс құралдарын пайдаланып, тәртіп сақшыларының киімін киіп алғанын да айтты.

Сан жағынан кемінде бес есе артықшылыққа ие болған қарақшылар полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге шабуыл жасап, оларды аса қатыгездікпен ұрып-соғып, екі әскери қызметшінің басын кесіп тастаған. Ауруханаларға қатыгездікпен шабуыл жасалды. Мемлекет ресурстарын тарату үшін шабуылды ұйымдастырушылар бір мезгілде 11 облыста шабуыл жасады, бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды, - деп айтты Мемлекет басшысы ҰҚШҰ отырысында.

Тоқаев атағандай, Алматы – ең ірі қаламыз және ең маңызды көлік-коммуникациялық тораптар шоғырланған еліміздің қаржы орталығы. Бұл қаланың құлауы бүкіл халық тығыз орналасқан оңтүстікті, одан кейін бүкіл елді басып алуға жол ашар еді.

Өзгелердің жаңалығы