Алматы өзендерінде сел жүруі мүмкін

22 Шілде 2023, 14:11
733
Бөлісу:
Алматы өзендерінде сел жүруі мүмкін
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматылықтарға сел жүру туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметіке сәйкес, алдағы тәуліктерде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде сел қалыптасуы мүмкін. Өйткені онда жауын-шашынның мөлшері көп.

Қазіргі уақытта мореналық көлдерінде алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Аса қауіпті мореналдық 6 көлде су түсіру жұмыстары жүргізілүде. Қазселденқорғаудың барлық бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде күшейтілген және бақылаудың жеделдетілген режиміне көшті, - дейді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов.

Өзгелердің жаңалығы