Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде Көксу ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы-Өскемен автожолының 190 шақырымында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылған.
Жол апатынан әйел адам мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция таратқан мәліметте.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар. Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.