Алматы оқушылары екінші тоқсанда қалай оқиды?

10 Қараша 2020, 17:46
1918
Бөлісу:
Алматы оқушылары екінші тоқсанда қалай оқиды?
Фото: Артём Чурсинов

 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында оқушылар екінші тоқсанда қандай форматта оқитынын айтты.

Алматы қаласында пандемияның екінші толқынын болдырмас үшін шектеу шаралары жалғасуда. Екінші тоқсаннан бастап сыныптағы оқушы саны 15-тен аспағанда метептерде 300 оқушыға дейін  дәстүрлі форматта оқи алады. Ол 1-5 сынып арасын қамтиды. Сондай-ақ халықаралық мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша 7-сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке барып оқи алады, тек сыныптағы оқушы саны 15-тен аспау керек, - деді Бекшин.  

Сонымен қатар, ол №64 қаулыға түзетулер енгізілгенін айта келе, ол бойынша 10 қарашадан бастап театрлардың толықтырылуы 50%-ға дейін өсетінін жеткізді.

Бірақ infokazakhstan.kz порталында тіркей отырып, күшейтілген санитариялық режимі бар залда 100 адамнан аспайтын қызметіне маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беру қарастырылды, -  деді ол. 

Бұған дейін жаңа қаулыға сәйкес Медеу мен Шымбұлақ демалыс орындары тестілі режимде ашылатынын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы