Алматы облысының тұрғыны үй алып беремін деп азаматтарды сан соқтырған

15 Шілде 2024, 19:15
457
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғыны үй алып беремін деп азаматтарды сан соқтырған
Фото: polisia.kz

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны Талдықорған тұрғындарын тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп сан соқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде және ХҚКО-ларында (Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы) бола отырып, ол тұрғын үй сатып алуда қиындықтарға тап болған адамдарға өз көмегін ұсынған, өз қызметі үшін ер адам мүлікті сатып алғысы келетіндерден 400 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі ақшалай соманы алып отырған. 

Осылайша, ол қысқа уақыт ішінде қаланың 17 тұрғынын жалпы сомасы 24 млн теңгеге алдады. Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Қазіргі уақытта сотталған адам Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол еңбекке жарамды. Ай сайын алып отырған жалақысынан талаптарды төлейді, – дейді САТжӘПБ бөлімінің бастығы Мақсұт Бақытбек.

Өзгелердің жаңалығы