Алматы облысының тұрғыны ескерту жасаймын деп соққыға жығылды

9 Қаңтар 2021, 16:25
2597
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғыны ескерту жасаймын деп соққыға жығылды

Алматы, BAQ.KZ. Талдықорған полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні 15 минут ішінде ұстады. 

Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне Еркін ауылының 44 жастағы тұрғыны соққыға жығылғаны туралы арызданған. Аталған дерек бойынша Талдықорған қаласы Өтенай ауылының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Алматы облысының тұрғыны ескерту жасаймын деп соққыға жығылды

Ұсталған адам жәбірленушіні ұрып-соққанын мойындады және жәбірленушінің аяғын алып тастау туралы ескертуге дұрыс жауап қайтармағанын жеткізді. Енді ашуға бой алдырған азамат өз әрекеттері үшін сотта жауап беретін болады, - делінген хабарламада.
 
Өзгелердің жаңалығы