Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

18 Ақпан 2025, 04:18
316
Бөлісу:
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД баспасөз қызметі Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталатынын ескертеді.

Туристер мен тұрғындардан қарлы беткейлерге шығудан бас тарту сұралады. Таулы жерде болған кезде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Департамент Алматы облысының тауларында қауіпті 55 учаске бар екенін еске салады, күннің жылынуы және қатты жауын-шашын кезінде беткейлерден үлкен қар массалары сырғуы мүмкін, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы