Алматы облысының тәртіп сақшылары 101 жастағы ардагерді құттықтады

8 Мамыр 2024, 05:36
3051
Бөлісу:
Алматы облысының тәртіп сақшылары 101 жастағы ардагерді құттықтады
Фото: polisia.kz

Алматы облысының тәртіп сақшылары 101 жастағы ардагерді құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс күні қарсаңында Алматы облысының бас полицейі Бауыржан Әленов 101 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс және ішкі істер органдарының ардагері Тәңірберген Толғанбаевты құттықтап қайтты.

9 мамыр – ерекше күн, қасиетті мереке. Бұл күні біз бәріміз фашизмге қарсы ұлы соғыста жеңіске жеткен аға буынымызға құрмет пен ризашылық білдіреміз. Тәңірберген Толғанбаев – сол батырлардың бірі, – деп атап өтті Бауыржан Әленов.

Ардагер ақсақал 7 мамырда өзінің 101 жылдығын атап өтуде. Соғыстың сұрапыл сындарынан өткен Тәңірберген ата өзінің жоғары адамдық қағидалары мен ұстанымдарын әлі де сақтап қалған. Ол – ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарына қызмет еткен құқық қорғау органдарының ардагері. Атамыздың тағдыры мен өмірі – биік адамгершілік пен Отан мен халық алдындағы жанқиярлық парыздың үлгісі.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеке құттықтауын оқып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі тәртіп пен заңдылықтың сақшылары осындай тұлғалардан үлгі алып, елінің болашағы жолындағы ерліктері мен жанкештіліктерін ұмытпай, ұлықтауы керек деп есептеймін, – деп толықтырды өңірдің бас полицейі.

Өзгелердің жаңалығы