Алматы облысының полицейлері барымташыларды құрықтады

9 Шілде 2024, 19:31
312
Бөлісу:
Алматы облысының полицейлері барымташыларды құрықтады
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері мал ұрыларының жеті тобын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 7 топ ұсталды, олардың 19 мал ұрлығына, оның ішінде 12 ауыр санаттағы қылмысқа қатысы бар екені анықталды. 

Сәуір айында Балқаш ауданы Береке ауылының тұрғыны төрт сиырдың жоғалғаны туралы полицияға арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында ұрланған сиырды сойып жатқан жерінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктілер қамауда. Олардың төрт мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп атап өтті Балқаш аудандық полиция бастығының орынбасары Нұрлан Мұратұлы. 

Өңір полицейлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері жалпы құны 55 млн теңгеге жуық 95 малды өз иелеріне қайтарып берді.

Өзгелердің жаңалығы