Алматы облысының логистикалық әлеуеті экономиканың басым бағыты ретінде дамытылады

20 Желтоқсан 2021, 14:08
2121
Бөлісу:
Алматы облысының логистикалық әлеуеті экономиканың басым бағыты ретінде дамытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Алматы облысыныңәкімі Қанат Бозымбаевжұмыс сапарымен Панфилов ауданына барып, өңірдегібірқатар өзекті мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы сапар барысында Жаркент полипропилен және крахмал-сірне зауыттарының мүмкіндіктерімен танысты. Екі кәсіпорынды басқарып отырған Закиржан Кузиев мұнда шығарылатын өнім түрлерін көрсетіп, бірқатар мәселелерді шешуге қолдау жасауды сұрады. Атап айтқанда, кәсіпорын іргесін кеңейтуге жер бөлу, электр энергиясының үзіліспенберілетін қиындығын шешу, сол сияқты өнімдерін тиеп-жөнелтудегі кейбір қиындықтар жайлы баяндады.

Өз кезегінде облыс әкімі аталған мәселелердің қарастырылатынын, барынша қолдаужасалатынын айтты.

Мұнан соң Қанат Бозымбаев Жаркенттегі перзентхана ғимаратын, сол сияқты Головацкий ауылындағы Мәдениет үйін аралап,жылу жүйелері мен ғимараттарды жөндеу мәселесіне назар аударды. Головацкий ауылында бос тұрған бір қабаттығимарат облыстық полиция департаментінің балансына беріліп, мұнда учаскелік полиция пункті орналасатыны, ал жекеменшік балабақша үшін кәсіпкерлерге бос тұрған үш қабатты ғимарат ұсынылатыны айтылды.

Осы күні Қанат Бозымбаев өңірдегі активпен кездесіп, аудандағы өзекті мәселелерді талқылады. Ауданның 11 айдағы даму көрсеткіштерін баяндаған аудан әкімі Талғат Өмірәлиевтің сөзінен кейін облыс басшысы Қанат Бозымбаев Шолақай ауылындағы сумен қамту жүйесін жаңғырту,Пенжімжегі көп пәтерлі2 үйдің жылу жүйесінің мәселесінжылдам шешіп, пайдалануға беру, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды еңбекпен қамту, Жаркент қаласын абаттандыру шараларына ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті. Шағын және орта бизнестеинвестициялық жобалар дайындауды, өңдеу кәсіпорындарын ашуды тапсырды. Жүгері өсірушілерге қолдау көрсетілетінін, ирригациялық жүйелерді жаңғырту қолға алынатынын және ауыл ішілікжолдарды жөндеу жалғасатынын айтты.

Облыс әкімі ретінде әрбір ауданның хал-жағдайын, мәселелерін білуім керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Твиттердегі» жеке парақшамда тұрғындармен кері байланыс орнаттым. Олар өз өңірлеріндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар мен өтініштерін жазып жатады. Туындағанқандай мәселелерді болсын шешуге еліміздебарлық мүмкіндік бар, - деді Қ.Бозымбаев.

Сапар барысында облыс басшысыПенжім ауылының ақсақалдарымен кездесіп, отбасында, мектепте жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін талқылады. Олар балаларға жастайынан Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру, құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру, бірлік, өзара түсіністік пен сыйластық туралы әңгіме қозғады. Қанат Бозымбаев ұлтаралық татулық Панфилов ауданының басты басымдығы болуы тиістігін еске салды. Сондай-ақбарлық мектептерде балалармен құқықтық тәртіп тұрғысынан жұмыс істейтін штат ашып, оған ювеналдыполицияның зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлерін тартуды ұсынды. Пенжім ауылын көркейту, инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берді.

Бұдан соң Қанат Бозымбаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны, «Қорғас» ХШЫО-ны, Құрғақ портты,«Нұр жолы» өткізупунктін, «Алтынкөл» стансысын дамыту жұмыстарымен танысып,жауапты тұлғаларға жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін болдырмау мәселесі туралы арнайы жиын өткізуді тапсырды.

Сіздермен алғаш рет кездесіп, арнайы экономикалық аймақтың даму мүмкіндіктерімен танысып отырмын. Алдағы уақытта арнайы жиын өткізіп,жұмысты қалай жақсартукеректігін бірлесіп кеңіненталқылаймыз. Алматы облысыныңлогистикалық мүмкіндіктерін экономиканың негізгі бағыты ретіндедамытып, жұмыс орындарынашатын боламыз, - деді Қанат Бозымбаев.

Өзгелердің жаңалығы