Алматы облысындағы су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Су ресурстары және ирригация министрлігі 27 Желтоқсан 2024 2024, 11:18
27 Желтоқсан 2024 2024, 11:18
733
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады.

Жиналған тасқын су суару кезеңінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 млн текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.

Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасуда, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. Екі су қоймасы техникалық жай – күйі бойынша көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын, - деді «Қазсушар» филиалының директоры Бақыт Әбішев.

Наверх