Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды

27 Мамыр 2022, 15:38
1533
Бөлісу:
Алматы облысындағы мектепте оқушы қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында емтихан тапсыруға келген оқушы қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Талғар ауданының Еламан ауылында болған. Ауыл тұрғындарының мәліметінше, оқушы мектепке мопедпен келген. Алайда тоқтап үлгермеген 9-сыныптың оқушысы мектептің қоршауына соғылған. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлады.

Жанаргүл Күнсақалова басқаратын №41 мектептегі қайғылы жағдай бүгін болған. Алған жарақатынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында қайтыс болып кеткен.

Мектепке оқушы мопедпен келген. Сынып жетекшісі Ғалымбек Мұратбаев та, мектептің директоры да оқушыларға қауіпсіздік туралы неге ескертпеген? Ол оқушы мекетпке бірінші рет көлікті өзі мініп келіп тұрған жоқ. Алайда оған мектеп директоры мүлдем мән бермеген. Ақыры оқушы қайғылы жағдайға тап болды. Жағдайды естіген ауыл халқына бұл жағдай ауыр соқты, – деді аты-жөнін атамауды өтінген Еламан ауылының тұрғыны.

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы аталған жағдайға қатысты ақпаратты кейінірек беретіндерін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы