Желіде Қарғалы ауылында бір үйдің жанында полицейлердің көп шоғырланғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Желіде тараған мәлімет бойынша, Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні бір үйдің маңында көп полицейлерді көргенін хабарлаған.
Аймақтық ПД баспасөз қызметі 14 қараша түні ауыл тұрғындарынан полицияға қоңырау түскенін айтты. Олар белгісіз адамдардың бағалы заттарды ұрлап кеткенін жеткізген.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар шыққан. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция бөлімшелерінің барлық жеке құрамы бағдарланды, бағдарлар барлық жақын аймақтарға жіберілді. Жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде, – деді полиция.