Алматы облысында жеңіл автокөлік алда кетіп бара жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, өртеніп кетті. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 147-шақырымында болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі алда бір бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктерінен оқиға орнында көз жұмды, – деді полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.