Алматы облысында жұмысшы жазым болды

Бөлісу:
Алматы облысында жұмысшы жазым болды
Фото: BAQ.KZ

"Байсерке Агро" ЖШС-де болған жағдайдың нәтижесінде, кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Полиция қызметкерлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Еске салайық, бұған дейін адам өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы