Алматы облысында жүгеріге сұраныс азайып, екі есе арзандап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың ала жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді. Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Шаруалар облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналған.
Шелек өңірінде қазір 40% ғана жүгері шабылды. Қалған 60% сол күйінде полелерінде тұр. Неге десеңіздер шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Қазіргі жүгерінің бағасы жүгерінің ылғалдығына қарап алады. Шелек ауылында үлкен ХПП тұр.Сол хпп ны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой,- дейді шаруа қожалығының басшысы Мунардин Османов.
Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерілген еді.
Сұрақтарды жинап осы кісілерді біз парламентке шақырамыз.Парламентке шақыртып оларға тағы да өз сөздерін қайталатып, қарама-қарсы оларға бүкіл министрліктерді отырғызамыз. Сауда министрлгі, ауылшаруашылық, экология министрлігі, жер мәселесі комитеті бойынша баролығын отырғызып, сол жерде жауабын береміз,- дейді Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров.