Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.
Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.