Қайғылы жағдай Еңбекшіқазақ ауданында Талғар-Есік тасжолында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
Zeekr 001 спорттық электромобилінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-тегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде көз жұмды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Zeekr жүргізушісі Талғар-Есік автожолының 36 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр,- деді Алматы облысының полиция департаменті.