Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ.
"Сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні 02 сағат 34 мин 35 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың ошағы Алматының оңтүстік-батысынан 77 км қашықтықта орналасқан Алматы облысы аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8.9. MPV магнитудасы - 4.1. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ", - делінген таратылған ақпаратта.