11 тамызда сағат 9:20 шамасында Алматы – Бішкек тас жолында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Hyundai Solaris көлігін тізгіндеген 21 жастағы бойжеткен жолдың 142-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған.
Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы 24 жастағы жолаушы Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді,– делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге көлік тізгінінде болған кезде абай болу және жол ережелерін ескеру қажеттігін еске салады.