Алматы облысында жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілді

22 Шілде 2023, 00:27
1002
Бөлісу:
Алматы облысында жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Талғар өзені бойындағы Үлкен поляна өлшеу стансасының мәліметінше, биік таулы аймақтарда жауған жауын-шашын салдарынан Сол Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 18 текше метрге көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 23,5 текше метр болып отыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір су транзиттік режимде өтіп жатыр. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды. Гидротехникалық құрылыс үстіндегі демалушылар эвакуацияланды.

Жағдай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, "Казселезащита" мекемесінің тұрақты бақылауында.

Бұған дейін Алматы облысында күшті сел жүргені хабарланған еді. Кейін құтқарушылар нөсердің салдарынан болған жойқын зардаптары туралы айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы