Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Ұйғыр ауданында жергілікті екі тұрғынға заңсыз балық аулады деген айып тағылды.
Алматы облысының Табиғат қорғау полициясы өзге де мүдделі органдармен бірлескен арнайы шара барысында Еңбекшіқазақ ауданының
Нұрлы ауылының маңындағы теміржол өткелінде 28 және 29 жастағы Ұйғыр ауданының екі тұрғынын ұстаған. Ұсталғандар заңсыз балық аулаумен айналысты деген күдікке ілінген.
Күдіктілер мінген автокөліктен 32 дана Амур ақмарқасы, 24 дана көксерке, 6 дана жыланбас балық, 30 сазан, 44 табан балық, резеңке қайық пен 2 қап тыйым салынған ау табылды. Қылмыс құралы деп табылған көлік сот шешімі шыққанға дейін арнайы тұраққа тоғытылды.
Күдіктілердің ақпаратына сәйкес, олар балықты Іле өзенінің Ұйғыр ауданындағы Қаракүлдек учаскесінде аулаған. Аталған дерек бойынша қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.