Алматы облысында тұрғын үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 22:24
Кеше 2026, 22:24
165
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысының Іргелі ауылы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті ТЖМ қызметкерлері жедел түрде сөндірді.

Оқиға кезінде тұрғын үйдің жетінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейінгі балкондар өртеніп, жалын жетінші және сегізінші қабаттағы пәтерлерге тараған.

Төтенше жағдайлар қызметінің алғашқы бөлімшелері жеткен сәтте өрттің ашық түрде өршіп тұрғаны анықталды. Оқиға орнына дейін тұрғындардың өз күштерімен 50 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланған.

Құтқарушылар дереу өртті ауыздықтауға кірісіп, жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді. Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Наверх