Алматы облысында төрт және алты жасар балалар мұз астына түсіп кетті

8 Желтоқсан 2020, 20:44
2212
Бөлісу:
Алматы облысында төрт және алты жасар балалар мұз астына түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кіші Алматы өзенінде екі кішкентай бала мұз астына түсіп, қайтыс болды, деп жазды zakon.kz.

Алматы облысында мұз ойылып, екі бала көз жұмды.

Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Іле ауданы Түймебаев ауылында күндізгі уақытта болған. 2014 және 2016 жылы туған екі бала ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда жұқа мұз астына түсіп кетті, - делінген таратылған ақпаратта.

Алматы облысының ТЖД ата-аналардан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Бүгінде облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағын көтеретіндей қалың емес, сондықтан мұзға шығу қауіпті.

Өзгелердің жаңалығы