Алматы облысында тауға шыққан 2 жасөспірім құтқарылды

Бөлісу:
Алматы облысында тауға шыққан 2 жасөспірім құтқарылды

Үлкен Алматы шыңына шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірімдер құтқарылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп тауға шығып, адасып кеткен екі жас туристі тауып, төмен түсірді.

Жасөсіпірімдер – 14 және 16 жаста. Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып, өздігінен түсе алмай «112» нөміріне хабарласып, көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады, - делінген делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.

Өзгелердің жаңалығы