Алматы облысында тауда жарақат алған шетелдік турист ауруханаға жеткізілді

Оқиға Талғар ауданындағы теңіз деңгейінен 4194 метр биіктікте орналасқан Мәншүк Мәметова шыңында болған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 03:36
Бүгiн 2026, 03:36
210
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Мәншүк Мәметова шыңында жарақат алған шетелдік туристі қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Оқиға Талғар ауданындағы теңіз деңгейінен 4194 метр биіктікте орналасқан Мәншүк Мәметова шыңында болған. Үш адамнан құралған туристік топ Антикайнен асуы арқылы шыңға көтерілген. Көтерілу кезінде Ресей Федерациясының азаматы жарақат алып, өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел түрде оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылар зардап шеккен туристі тауып, оған алғашқы қажетті көмекті көрсетті. Кейін оны биік таулы аймақтан қауіпсіз жерге түсіріп, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Наверх