Алматы облысында тағы жер сілкінді

31 Наурыз 2025, 14:00
999
Бөлісу:
Алматы облысында тағы жер сілкінді
Фото: pixabay.com

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 178 шақырым қашықтықта тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдың 31 наурызында Астана уақыты бойынша 12:25-те Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді. ​

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 178 шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Бішкектен 51 шақырым қашықтықта орналасқан. ​

Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісінің дүмпулері сезілмеген.

Өзгелердің жаңалығы