Алматы облысында сырғанақ алаңында 10 жасар қыз қайтыс болды

<p> </p> <h4>Алматы, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні Көксу ауданындағы Мұқры тау бөктеріндегі сырғанақ алаңында 10 жасар бүлдіршін қайтыс болды.</h4>

 20 Желтоқсан 2020 2020, 17:21
20 Желтоқсан 2020 2020, 17:21
3089

Алматы, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні Көксу ауданындағы Мұқры тау бөктеріндегі сырғанақ алаңында 10 жасар бүлдіршін қайтыс болды.

Тексеріс барысында бұл алаңның жаппай сырғанауға арналмағаны белгілі болды.

Құқыққорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады және арнайы сараптама жүргізеді. Бұл аумақ жаппай сырғанауға арналмаған. Сырғанауға тыйым салынатын белгі қойылды. Сырғанау алаңы жеке шаруашылық алаңында орналасқан. Оның иесіне тиісті хаттама жіберілді, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, сырғанау алаңы қатаң режимде бақылауға алынған, онда үнемі рейд жүргізіліп тұрады.

Наверх