Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстан күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты анықтады.
Аталған дерек ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзу белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.